Қ. Тоқаев: Жаңа экономикалық жағдайға бейімделуіміз керек

Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру уақыт талабы әрі стратегиялық міндет екенін атап өтті. «Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді», - деді Президент.