Елде инфляцияны есептеуде жаңашылдық пайда болады

Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеудің жаңа құралын қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Қазір мобильді қосымша елордада пилоттық режимде сыналуда. Статистика бюросының тіркеуші мамандары дүкендердегі тауарлардың бағасы бойынша деректерді қағаз журналға жазбаша енгізеді. Ай сайын 500-ден астам тауар мен қызметтің бағасы белгіленеді. Ал жаңа мобильді қосымша статистиканы қалыптастырудың жеделдігін қамтамасыз етуге, деректерді сапалы жинауға мүмкіндік береді. Осылайша, мамандар бағаларды арнайы әзірленген мобильді қосымшада тіркейді, ал фискалдық деректер өңдеу орталығына дереу түседі.

Жандос Шаймарданов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Бұл мобильді қосымша біздің регистраторлардың жұмысын жеңілдетеді. Екіншіден бізде жаңағы контрольдарды автоматты түрде орнатады. Екінші этапта біз мына инфляцияны фискалдық деректердің негізінде есептей бастаймыз.