Елімізде наурыз айында жылдық инфляция 18,1% болды

Ал кейінгі бір айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция байқалған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл инфляцияны 2 есе төмендету міндеті тұрғанын айтты. Бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті биліктің маңызды міндеттерінің бірі. Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияны азайту бойынша бірлескен шаралар қабылдаған. Биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. 4,4 млн адамды әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді. Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 1 млн-ға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.