Fitch агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін растады
Фитч халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады.
«Тұрақты» деген болжам берілді. Негізгі факторлар сыртқы күйзелістерге өзінің төзімділігін дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары болып табылады. Агенттік есебінде активтердің жинақталған қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген. Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ке дейін және 2024 жылы 4,8%-ке дейін өседі деп болжап отыр.