Қазақстан инвестиция тарту бойынша рекорд орнатты
Еліміз инвестиция тарту бойынша посткеңестік кеңістікте көш бастады.
Мәселен, 2022 жылы Орталық Азия елдері 10 миллиард доллар инвестиция тартса, оның 6 миллиардтан астамы Қазақстанға тиесілі. Ол 2021 жылға қарағанда 83%-ке жоғары.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022 жылғы Дүниежүзілік инвестиция есебінде жарияланған.
Баяндамаға сәйкес Қазақстан алда тұр. Өзбекстан 2,5 млрд, Литва 2,2, Грузия 2, Беларусь 1,6, Латвия 1,5, ал Эстонияға 1,2 миллирад доллар тартылған. Өзге елдердің көрсеткіші 1 миллирадқа жетпейді.
Айта кету керек, Қазақстан әсіресе жаңартылған энергия жобаларына инвестиция тарту жағынан көш ілгері. Біздің ел бұл салада 56,3 миллард доллармен әлемнің дамушы экономикалары арасында 5-ші орынға шығып отыр.
Посткеңестік кеңістікте инвестиция тарту көрсеткіші:
Қазақстан – $6,1 млрд
Өзбекстан – $2,5 млрд
Литва – $2,2 млрд
Грузия – $2 млрд
Беларусь – $1,6 млрд
Латвия – $1,5 млрд
Эстония – $1,2 млрд))
Сапарбай Жобаев, экономист:
- Шетелден келетін инвесторларға өте көп үлкен жеңілдіктер бердік. Оларға алып келетін қосымша құн салығы. Импорттық кеден салықтарының бәрінен азат етілген. Сондықтан шетелдік инвесторлар Қазақстанның осындай ашық инвестициялық саясатын, экономикалық саясатын біледі. Сөйтіп, Еуропа мемлекеттері, Қытай, шығыстағы Оңтүстік Корея, Жапония сияқты үлкен ақшасы көп мемлекеттердің барлығы өздерінің технологиясын Қазақстанға алып келуге әрекет етеді.