Кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналары мен салықтың өсуіне дайын емес

Келер жылы енгізілетін міндетті зейнетақы жарналары мен салықтың өсуіне кәсіпкерлер дайын емес.

Ал жүйе іске қосылғанда табысын жасыратындардың саны артуы мүмкін. Қосымша құн салығының өсуіне қатысты қаржыгерлер осылай дейді. Бұған қатысты кәсіпкерлердің пікірі қандай?

Жаңа жыл зейнетақы мен салық жүйесіне біраз өзгеріс әкеледі. Мысалы, жұмыс берушілер мен қызметкерлер болашақ зейнетақыны енді қосылып жинайды. Бірақ кәсіпкерлер оған қарсы. Жай-жапсарын сәлден соң рет ретімен баяндаймын. 

2024 ж зейнетақы жарналары артады

Келер жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорына көбірек ақша аударады. Бірақ бәрі емес. Тек 1975 жылдан кейін туған қызметкерлер үшін жұмыс беруші жалақының 1,5 % аударуға міндетті. Жаңа жарна үнемі артып отырады. 2028 жылға қарай шегерімдердің көлемі 5%-ға жетеді. Жеке кәсіпкерлер үшін қызметкердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшері келесі жылдан бастап 7% болып бекітілді. 2028 жылға қарай ол айына 19% дейін өседі.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

2024 жылдан бастап - 1,5%

2025 жылдан бастап - 2,5 %

2026 жылдан бастап - 3,5 %

2027 жылдан бастап - 4,5 %

2028 жылдан бастап - 5 %  

Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы:

- Бұл шара ең алдымен 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмағандықтан, ортақ зейнетақы ала алмайтын отандастарымызды қолдауға бағытталған. Оларды еңбек аяқталғаннан кейін қамсыздандыру мемлекеттің базалық зейнетақысынан біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасаған өз аударымдары мен және жұмыс берушілер аударатын жарна, жарты жинақтаушы құрамдауыш есебінен қалыптастырылатын болады. 

Жаңа жарналарды пайдалануға бола ма? 

Премьер-министр Әлихан Смайылов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстанның энергетикасын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлу жоспары бар екенін айтқан еді. Бірақ Үкімет басшысы қазақстандықтардың ақшасы міндетті түрде қайтарылады деп уәде берді. Дегенмен бұл жоспар әлі пысықталуда. Ал келер жылы енгізілетін жаңа жарнаға оралсақ, оны біздің азаматтар жақын арада пайдалана алмайды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан жиналған ақшаны үй алуға немесе емделуге қолдануға болмайды. Яғни бұл жарнаны бұрынғыдай бір жолғы зейнетақы төлемдері түрінде шешіп ала алмайсыз. Сондай-ақ оны инвестициялау да қарастырылмаған. Оларға мемлекеттік қауіпсіздік кепілдігі жүрмейді. Қор өкілдері әлеуметтік кодекске сүйеніп осылай деді. Ал жұмыс берушілердің мүддесін қаузаған кәсіпкерлер палатасы бұл жарнаға тіптем қарсы.

Кәсіпкерлер салықтың өсуіне қарсы

Отандық бизнесмендер қарсылық танытып, тіпті Президентке хат жазды. Олар жұмыс берушілерге міндетті зейнетақы жарналарын төйлетпеуді, қосымша құн салығын көтермеуді сұрайды. Елдегі барлық бизнесменнің қолы қойылған резолюция бірінші рет мемлекет басшысының атына жолданды. Бұл туралы Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Максим Барышев мәлімдеді. Республикамыздың іскер азаматтары бизнес ортаны жақсартуды сұрап, бірнеше талап қойған. Атап айтқанда, бизнесмендер қосымша құн салығын 16%-ке дейін көтермей, керісінше, оны 10%-ке дейін төмендету керек деп есептейді.

ЦИТАТА:

"Біз қосымша құн салығының 12%-тен 16%-ке дейін өсуі көптеген адамды "көлеңкелі" бизнеске көшуге итермелеуі мүмкін деп қорқамыз. Сонымен қатар, ҚҚС мөлшерлемесі көтерілген жағдайда ЖІӨ өсу қарқыны 1%-ке төмендейді. Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жұмыссыздықтың ресми түрде ұлғаюына әкелуі ықтимал. Міндетті зейнетақы жарналары бизнес жасайтын жетінші төлем болады. Бұл әлемдік стандарттар бойынша да жоғары көрсеткіш".

Максим Барышев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің алматы қаласы бойынша төрағасы:

Ортақ жарна - халықаралық тәжірибе 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, бизнес өкілдері қазірдің өзінде кірістен 42% салық төлейді. Негізі, жұмыс берушінің қызметкерге зейнетақы жарналарын аударуы әлем елдерінде бұрыннан бар. Мысалы, Синагпурда міндетті жарна қызметкер табысының 37% құраса, оның 17% жұмыс беруші төлейді. Данияда жеке сектор қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналары 12%, оның 8% қызмет беруші аударады. Ал Швейцарияда қызметкер мен жұмыс беруші болашақ зейнетақы үшін тең жарналар төлейді. Бірақ қаржыгерлер Қазақстан экономикасы дамушы деңгейінде, сондықтан бұл өзгерістерге бизнес сектор дайын болмауы мүмкін деген пікірге саяды. 

Жансая Қарабаева, К. Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетінің өкілі, қаржыгер:

- Бізде дамыған мемлекеттер бар, дамушы мемлекеттер бар және үшінші мемелкеттер бар. Біз соның ішіндегі дамушы мемлекеттердің қатарына жатамыз. Біздің кәсіпорындардың ашылған жалпы өмір сүру деңгейі 3 жыл мен 5 жылдың аралығында. Өкінішке орай, 5 жылдан әрі қарай көбінесе кәсіпкерлер жабылып қалып жатыр. Себебі нарыққа төтеп бере алмай отыр. Онымен қоса біз "Жібек жолы" Қытаймен шекараны ашайық деп отырмыз. Кейін кәсіп ашу өте қиын болады. 

[GR-3] 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алдағы жылдарға бекітілген бюджетке сәйкес ең төменгі жалақы 85 000 теңге, айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге болып бекітілді. Жоспарға сай басқа да әлеуметтік есептік көрсеткіштер өзгереді. оны мына графикадан көре аласыздар. Жасына қарай және еңбек өтілі бойынша еңбек демалысына шыққандардың зейнетақысы 9%-ға өседі. 

2024 жылы зейнетақы 9%-ке өседі

ең төменгі жалақы ₸85  000 

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) ₸3 692

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері ₸28 215

ең төменгі зейнетақы мөлшері ₸57 853

өмір сүру минимумы ₸43 407

Ал болашақта қанша зейнетақы алатыныңызды қазірден бастап есептеуге болады. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында арнайы калькулятор бар.