Инвестиция – отандық экономиканың темірқазығы

Инвестиция – отандық экономиканың темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті.

Бас прокурор Берік Асылов "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында осылай деді.

Мемлекет басшысының АҚШ пен Германияға ресми сапарынан кейін IT, медицина, көлік және метал­лургия саласындағы ірі әлем­дік компаниялар қазақ­стан­­дық нарыққа қызығушылық танытып отыр. Себебі бізде энергетика, табиғи ресурс­тар, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистикалық жүйелердің ­әле­уе­ті мол.

Тәуелсіздік жылдардан бері елімізге тартылған инвестиция көлемі 400 млрд доллардан асады. Тек 2022 жылы шетелден 28 млрд доллар қаржы құйылған. Бұл кейінгі 10 жыл ішіндегі рекорд. Бас прокурор сұхбатында осындай сандарды мысалға келтірді. Қазір отандық экономикаға ірі инвесторды тартуға мүмкіндік мол. Прокурорлар әр кәсіпкерге құққтық қолдау көрсетуге әзір. Мысалы, Алматының Өндіріс аймағында 26 инвес­тор Энергетика басқармасының рұқсат бермеуіне байланысты бір жарым жылдан астам уақыт газбен жабдықталмай келген. 

Айдос Асқатұлы, кәсіпкер:

- Өндіріске газ керек болған. Сол сұрақты көтеріп бастағанда. ГазТранс аймаққа хабарласып бастағанда айтты. Сіз жаққа барған газ құбыры Алматы қаласының әкімдігінде тіркелген. Бізді құқық жоқ, сізге газды беруге,- деді. Қалалық акиматқа барғанда айтты, бізде сізге газды бере алмаймыз. Құжаттардың барлығын дайындап, барлық жерге қол қойып алып келгеннен кейінде солай айтады. Күтіңіз деді. 

Осы секілді жылдар бойы қордаланып қалған мәселелер әр өңірде бар. Ақмола облысында испан­ инвесторы 3 жыл бойы жер ала алмаған. Тіпті сол себептен Қазақстаннан кетпек те болған. Прокурорлардың араласуынан кейін 63 млрд теңге құрайтын жоба жұмысын бастады. Абай облысында аудандық сот цемент зауытын сатып алу туралы шартты заңсыз деп тану туралы шешім шығарған. Прокуратура апелляциялық өтінішхат енгізіп, облыстық сот күшін жойды. Нәтижесінде құны 25 млрд теңге болатын сингапурлық инвестордың өндіріс орны сақ­тал­ды.

ЦИТАТА:

Берік Асылов, Қазақстан Республикасының бас прокуроры:

"Біз үшін жүктелген міндет анық, ол бизнесті жүргізу мен инвестиция тарту үдерісін барынша ашық, түсінікті және жеңіл ету. Инвесторлардың проблемаларын біз жөнсіз бөгеттер мен кедергілерсіз тікелей шешуіміз керек. Ол үшін біз ең алдымен Сыртқы істер министрлігімен байланыс орнаттық. Себебі Инвестиция комитеті осы министрліктің құрамында. Алдағы уақытта прокурорлар комитетпен тығыз жұмыс істейді".

Қазір прокурорлар құны 7,5 млрд доллар болатын мыңнан астам жобаны сүйемелдеуде. Олардың арасында 32 шетелдік және 40-тан астам отандық инвестор бар. Барлық инвестициялық жоба зерделеніп, оларға жан-жақты құқықтық баға берілген. 94 инвестордың құқығы қорғалды. Олардың ел экономикасына салған салымдарының жалпы құны 1,4 трлн теңгені құрайды.

ГРАФИКА

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ

Жалпы құны - 7,5 млрд доллар

Жоба саны – 1011

Шетелдік инвестор – 32

Отандық инвестор – 40

Құқығы қорғалды – 94

Салықтан келген қаржы - 1,4 трлн теңге

Сапарбай Жұбаев, экономист:

- Шетелдік инвесторларға өте көп жеңілдік берілген. Сондықтан олардың құқығы қорғалған деп айтсақ болады. Сонымен қоса Алматы халықаралық қаржы қоры құрылған. Егер де олардың арасында шетелдік инвесторлар мен біздің қазақстандық резиденттер дейміз, Қазақстанның арасында мәселе көтерілсе, сол жаңағы Англия құқықтық соты арқылы шешіледі. Сондықтан бізде шетелдік инвесторларға жақсы жағдай қаралған деп айтсақ болады, инвестициялық климат жақсы. Сондықтан Орталық Азияға келген инветициялардың 80 пайызы Қазақстанға келіп жатыр.

Берік Асыловтың айтуынша, прокурорлар саладағы әр шешімнің заңды болуын қадағалайды. Қазір мемлекет кәсіпкерлікті реттеу тәсілдерін қайта қарауды қолға алды. Үкімет мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты өзгертетін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Мұның сыртында бизнеске қойылатын тиімсіз 9 мың талап күшін жойды. 

Диана Қадыр