Үкімет басшысы Алматы облысының шаруаларымен кездесті

primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы облысына барған сапарында шаруалармен кездесті.

Ол ауыл шаруашылығына аса мән беру керектігін айтып, өнім өндірушілердің жағдайымен танысты. Мәселен, қызанақ өсіруді қолға алған бұл агроөнеркәсіп кешенінің басшысы Александр Рудаков жылына 300 мың тонна өнім алатынын, 7 мың жұмыс орнын ашуды көздеп отырғанын жеткізді. Холдинг президентінің айтуынша, ол сондай-ақ Түркістан облысы Келес ауданында жылыжай кешенін салуға кіріскен. Мұнда 51 га жер учаскесінен жылына 28 мың тоннадан астам қызанақ алуды жоспарлап отыр екен.