Қошанов: Бюджетті дұрыс жоспарлау керек
“Бюджетті тиімді жоспарлау керек”.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі жиында осы мәселені көтерді. Әсіресе бюджет кірісін болжау кезінде қосымша қаржы көзін іздеу керектігін атап өтті. Ол үшін алдымен преференцияларды, жеңілдіктерді қайта қарау керек. Сондай-ақ барлық қаржы ағынын бақылауда ұстау керектігін де еске салды. Бұл бюджеттік және бюджеттік емес қорларға да қатысты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық. Көп сын, ескертпе айтылды. Қазір жаңа бюджет жобасымен жұмыс істеп жатырмыз. Жақсында парламентте жаңа салық кодексі енгізіледі. Үкімет депутаттардың ұсынысын байыппен, мұқияда қарау керек. Осы кодекстермен бірлесіп жұмыс істегенде аталған мәселелерді ескерген жөн деп ойлаймын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда бізге бюджет мәселесінде ортақ мәселе жүктелгенін ұмытпауымыз керек.