Елімізде кәсіп ашуға ден қойғандар көбейіп келеді

Елде кәсіп ашуға ден қойғандар көбейіп келеді.

Бір ғана елорадада былтыр бизнестің қыр-сырын меңгерген 124 адам табысты еңбек етіп жатыр.

Астанада шаштараз, наубайхана, кондитерлік дүкендер мен тігін цехы көбейді. Іскер азаматтар үшін «Бизнес бастау» жобасының көмегі көп.

Александр Ли бала кезден жануарларды жанындай жақсы көреді. Енді бұл әуестігі бизнеске айналды. Бірінші топ мүгедегі үшін бұл жай ғана табыс түрі емес, ермегі. Ал кәсібін ашуға «Бизнес бастау» жобасы ықпал еткен. Былтыр 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алған. Зоодүкенде қызыл кітапқа енбеген жануарлардың 40, балықтың 10 түрі бар. Олардың күтімі де зор жұмыс. Қайсар жан соған қарамастан оны табыс көзіне айналдыра білді. 

Александр Ким, кәсіпкер:

- Мемлекет берген қаржыға кәсібіме керек аквариум, өзге де құрал-жабдықтарды сатып алдым. Мен үшін бұл үлкен демеу болды. Алғашында құстарды басқа жақтардан алдырып, сататынмын. Ал қазір кейбірін қолдан өсіріп, балапан өргізіп, көбейтіп жатыр. Әрине сәбиді мәпелеп өсіргенмен бірдей. Үлкен еңбек, дегенмен өзіме ұнайды. Тұрақты клинеттерім бар. Себебі менің дүкенімде таңдау көп, ал баға да арзан. 

Былтыр Маржан Ахметханқызы да мемлекеттік қолдау алды. Қайтарымсыз грант қаржысына қала шетінен шағын жиһаз цехын ашқан. Отбасымен орындықтардың 30-дан астам түрін дайындайды. Бұдан бөлек, 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Кәсіпкерлікке ден қоюға 6 жыл бұрынғы жол апаты түрткі болғанын айтады. Жаңа салаға бейімделу де оңай болмаған. Дегенмен, табандылығының арқасында бар қиындықты жеңіп шықты. Ең бастысы - ниет пен сенім болуы керек, дейді келіншек. 

Маржан Ахметханқызы, кәсіпкер:

- Аварияға түсіп, аяғымнан биік үйге шыға алмайтын болғандықтан жер үй алдық. Жер үй алған кезде жиһаздарды көп іздестірдік. Сапалы, бағасы тиімді жиһаздарды. Сонда мен жиһаз іздеп жүрген кісілердің көп екеніне көзім жетті. Және біз сол кезде жиһазды Алматы қаласына тапсырып беріп алдырдық.Сонда мен ойым болды, қала дамып жатыр. Үйлер салынып жатыр, неге осы сұранысы бар саланы қолға алмасқа. Қазір кез келген рестораннан, кафеден тапсырыс аламыз. 10 күннің ішінде 130 штукқа дейін жасап шығарамыз.  

Маржан енді "Даму" қоры арқылы жаңа ғимарат алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап жатыр. Ол секілді тағдыр сынына мойымай, керісінше ерік-жігерін жиып, өмірін қайта бастаған жандар аз емес. Бұл ретте "Бизнес бастау" жобасы едәуір көмек. Былтыр 132 адам қайтарымсыз грант алып, ісін бастаған. Бүгінде олардың  90 пайызы нарықта өз орнын тапты. Дені,  тігін, тамақтану өнеркәсібінде. Биыл тағы 125 адамға дәл осындай

Бағила Орынбетова, "Мансап" орталығының басшысы:

- Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы айлық есептік көрсеткіш көбейген себептен биылғы грант сомасы 1 млн 476 мың 800 теңге көлемінде берілетін болады. Жеті категориялы азаматтар боулы керек,олар көпбалалы аналар, атаулы көмек алушылар, мүгедек балаларды асып отырған отбасылар, мүгедектер, қандастарымыз қатыса алады. Биыл 125 адамға жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін грант беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда  721 өтінім келіп түсті.  

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйсенсек, қазір бас қалада  32 мыңға жуық азаматтың тұрақты табысы жоқ. Еңбек мобильді орталығына соның 13 мыңы ғана "жұмыссыз" ретінде тіркелген. Ал мемлекеттік қолдау тетіктері осы түйткілді жоюға бағытталған.

Назерке Тоқжан, Ерлан Наурызбаев