Тау-кен металлургия кешенінде ірі бастамалар бар

Тау-кен металлургия кешенінде де ірі бастамалар бар.

Мәселен, биыл түсті металлургия саласында құны 169 млрд теңгені құрайтын сегіз жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың өндіріс көлемі 136 млрд теңге шамасында болады. Оның ішінде экспортқа 71 млрд теңгенің өнімін жіберу жоспарланған. Ірі инвестицияларға келетін болсақ, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша металл кендерін өндіру саласында көрсеткіш 178,3 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын 153,3 млрд теңге болатын. Ал өңдеу сегментінде металлургиядағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 96,8 млрд теңге. Былтыр 76,8 млрд теңге еді. Осылайша Тау кен металлургия кешені Қазақстан өнеркәсібіне құйылған инвестиция ағынының 20%-дан астамын қамтамасыз етті.

Тау-кен металлургия саласындағы жобалар

2024 жылы жүзеге асырылатын жобалар саны – 8

Құны – 169 млрд теңге

Өндіріс көлемі – 136 млрд теңге

Экспортқа жіберілетін өнім құны – 71 млрд теңге

Күрделі инвестициялар

Металл кендерін өндіру

2024 ж І тоқсан – 178,3 млрд теңге

2023 ж І тоқсан – 153,3 млрд теңге

Өңдеу сегменті

2024 ж І тоқсан – 96,8 млрд теңге

2023 ж І тоқсан – 76,8 млрд теңге 

2025 жылы 19 қала толық ауыз сумен қамтылады

2023 жылғы мәлімет бойынша, қала халқының 98,9%-ы, ауыл халқының 96,6%-ы тіршілік нәрінен таршылық тартып отырған жоқ. Министрдің сөзінше, еліміздегі 89 қаланың 65-інде бұл мәселе толықтай шешілген. Жыл соңына дейін бұл қатарға Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалалары қосылады.

графика лэд 2

2023 жылы ауыз сумен қамтылғандар үлесі

Қала – 98,9%

Ауыл – 96,6%

Қазақстан Республикасындағы қалалар саны 89

Ауыз сумен 100% қамтылғаны – 65  

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- 25 жылы 19 қаланың тұрғындарын 100%-ға қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осындай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қалалардағы су желілерінің құрылысы бойынша 83 жобаны іске асыру міндеті тұр. 27 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін, ал 28 жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

437 елді мекен сумен қамтамасыз етіледі

Сондай-ақ министр елдегі алты мыңнан астам ауылдың 5 130-ы ауыз сумен қамтамасыз етілгенін, ал қалған 1 126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін қамту қажет екенін айтты. Қазіргі таңда бұл мақсатта жалпы құны 40,6 млрд теңге болатын 29 жоба іске асырылып жатыр. Құрылыс жұмыстары 9 облыста жүреді. Оның аясында 2 мың шақырым су құбырын қайта жаңарту және салу жоспарланған. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша, бұл 437 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тақырып:

графика лэд 2

Ауыз сумен қамту тетіктері

Қазақстан Республикасындағы ауылдар саны – 6 256

Ауыз сумен қамтылғаны – 5  130

2025 жылы қамтылатындар – 1126

Жүзеге асырылып жатыр – 29 жоба

Құны – 40,6 млрд теңге

Қамтылатын облыстар:

Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, БҚО және СҚО

Реконструкцияланады және салынады – 2000 км су құбыры

Сумен қамтамасыз етіледі –437 елді мекен

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:

- Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін іске асырылатын 5 жоба әзірленуде. 2 жоба Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту, 2 жоба Алматы облысындағы Қаскелең топтық су құбыры, 1 жоба Түркістан облысындағы Сарыағаш топтық су құбырының бас құрылысы. Нәтижесінде 200 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылады және қамтамасыз етіледі.