Шаруалар егістігін сақтандыруға міндеттеледі

Шегірткеге қарсы 2000 жылы 8,1 миллион гектар, 2014 жылы 4,7 миллион гектар аумақ өңделген.

Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткелердің жаппай дамуы мен таралуына, жайылымдарға зақым келтіруіне, егіннің жойылуына, сондай-ақ олардың көрші елдерге көшіп кетуіне жол бермеу шараларына кірісіп кетті.

Отандық және шетелдік өндірушілердің фитосанитариялық мақсаттағы пестицидтерінің қажетті көлемі сатып алынды. Олардың ішінде шегірткелерге қарсы күресте өз тиімділігін көрсеткен препараттар: «Карат супер», «Тиаметрин», «Фипрон», «Эсперо», «Койра» және т.б. Сондай-ақ, жер үсті және авиациялық тәсілдермен әртүрлі техникамен химиялық өңдеу бойынша қызметтер сатып алынды. Жалпы, 427 арнайы техника тартылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасы

Шаруалар егістігін сақтандыруға міндеттеледі

Бүгінде жоспарланған 2,5 миллион гектар тазарту алаңының 1,1 миллион гектардан астамы залалсыздандырылды. Министрлік ең қауіпті аймақтарға Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облысын жатқызып отыр. Сондықтан Үкімет субсидия алатын шаруаларға егістіктерін шегірткеден сақтандыруды міндеттемек. Қазір бұл салада екі тәсіл бар. Алғашқысы цифрлық технологиялар арқылы топырақтың химикаттармен өңделгенін тексеру. Соңғысы зиянкестердің санын бақылайтын құралдар мен гиперлокальды метеостансаларды орнату.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Біз субсидиялау жүйесін өзгертеміз және оларды алу үшін шаруаларға өз кезегінде талаптар да қоямыз. Мемлекет өз ресурстарын нәтижеге жету мақсатында жұмсайды. Ал оның нәтижесі азық-түлік қауіпсіздігі және кәсіпорындарымызды шикізатпен қамтамасыз ету. Ал міндеттемелердің бірі сақтандыру болмақ. Қолданыстағы құралдардан өзше, егіннің жойылуынан және шегірткеден зақымдануынан сақтандырудың қосымша түрлерін әзірлеу қажет. Біз барлық ұсыныстарды қарауға дайынбыз.

Көмір қалдықтарынан тыңайтқыш жасалады

Фермерлерге қатысты тағы бір ақпарат. Шұбаркөл кен орнында көмір қалдықтарынан тыңайтқыш жасалып жатыр. Осылайша ұзақ уақыт бойы кәсіпорын аумағында жиналып, қордаланып қалған тозған көмір кәдеге жаратылады. Қазір жеті тоннаға жуық натрий гуматы дайын. Ол сертификаттаудан және өнімді тіркеуден өтті.

 

Дамира Қожахметова, "Шұбаркөл Көмір" АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің басшысы:

- Шұбаркөл көмірінің тозған көмірінен алынатын тыңайтқыштың 91 пайызы гусмус қышқылы. Ол өсімдіктердің тамырының нығаюына, жайқалып өсуіне, көбірек өнім беруіне үлкен әсер етеді. Өйткені бұл толықтай табиғи өнім. Қазіргі уақытта Қазақстанның жылыжайлар қоғамдастығының өкілдері келіп, біздің өнімді алып сынамадан өткізді. Сондықтан қазіргі уақытта бұл өнімге сұраныс үлкен. 

Сондай-ақ гуминді тыңайтқыштардың тағы бір түрі - калий гуматын өндіру бастамасы да қолға алынған. Оның алғашқы сынақ партиясы Букетов атындағы Қарағанды Университетінінің зертханасына жіберілді. Ғалымдар оң қорытынды шығарса жаппай өндіріске енеді.