₸238 млн мемлекетке қайтарылды

Мемлекет қазынасына 238 млн теңге қайтты, деп хабарлайды 24KZ.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы жол қозғалысын бақылайтын «Сергек» жобасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, «Көркем-Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалыпты. Алайда тексеріс кезінде жобаның 238 млн теңгеге негізсіз қымбаттағаны белгілі болды. Осылайша соттың шешімімен бұл сома мемлекетке қайтарылды.