Қазақстанда ₸1,3 млрд несие берілді
Мамыр айына дейін ел азаматтарына 1 млрд 354 млн теңгеден астам несие берілген, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 1 млрд 353 млн теңгесі ұлттық валютада болса, қалған сома шетелдік валютада.
Несие алу бойынша алматылықтар көш бастап тұр. Оңтүстік астана тұрғындары 4 ай ішінде 442 млн 265 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Ал ұлытаулықтар болса банктерден 12 млн теңгеден астам қаражат алған. Бұл – аймақтар ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.
Жалпы қазақстандықтар тұтынушылық несиені жиі алады. Мәселен, қаңтар мен сәуір айлары аралығында 1 млрд 132 млн 547 мың теңге осы мақсатта рәсімделген. Ал ипотекалық займдардың көлемі 134 млн теңгеге жуықтайды. Мерзімі өтіп кеткен несие үлесі 457 млн 666 мың теңгеге жетеді.