Қытай Қазақстанға 16,2 млрд доллар инвестиция құйған
Кейінгі 10 жылда Қытайдан Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция 16,2 млрд долларға жетті.
Былтыр тікелей инвестиция көлемі 1,85 млрд доллар болған. Екі ел арасында жалпы сомасы $28,2 млрд доллар болатын 96 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Қазақстан аумағында CNPC, CITIC, NFC, Huawei және басқа да ірі корпорацияларды қоса алғанда, қытай капиталы бар 4000-нан астам компания табысты жұмыс істеп тұр.
$8,3 млрд сомасына 53 жоба іске асырылды;
$3,9 млрд сомасына 11 жоба іске асырылуда;
$15,9 млрд сомасына 32 перспективалық жоба;
Бұдан бөлек, көптеген трансқұрлықтық бағыттардың арқасында Қазақстан - Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасының маңызды қатысушыларының бірі.
Трансконтинентальды тасымалдау Қытайдан Еуропаға тауарларды теңіз жолдарымен салыстырғанда 3-4 есе жылдам жеткізуге мүмкіндік береді, шығынды да айтарлықтай азайтады.
Бүгінде Қазақстан аумағы бойынша сегіз автомобиль транзиттік дәліз өтеді, олар жалпы қуаттылықта жұмыс істейді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Қытайдан Қазақстан, Ресей арқылы және одан әрі – Еуропаға, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне және кері қарай транзиттік ағымды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы Қытайды, Каспий теңізінің акваториясын, Әзербайжанды, Грузияны және Еуропа елдерін кесіп өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) өтеді.