Шымкентте инвестициялық көрсеткішті бақылайтын интерактивті карта іске қосылды

Шымкентте инвестициялық көрсеткішті бақылауға болатын интерактивті карта іске қосылды.

Әзірге инвесторларды қолдаудың жаңа моделі пилоттық негізде жүзеге асады. Ол үшін қолданыстағы интернет порталы жетілдіріліп, жалпы құны 443 миллиард теңгеден асатын 59 жоба енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің құжаттарын әзірлеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын қадағалау және оны іске қосылғанға дейін сүйемелдеу жіті назарда болады. Сонымен қатар өндірістік қуаттылығына шығу мен өзіндік құнын ақтау кезеңдерін де мониторингтік топ бақылайды. Құрамында жергілікті әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы және прокуратура өкілдері бар. Үш жақты келісім үшін арнайы меморандум түзілді. Келешекте сала мамандары пилоттық жобаны үкімет қарауына ұсынып, республикалық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.

Тимур Нақыпбеков, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз бұл картаның ішіне «Бизнестік ахуалды бақылау» рейтингін енгіздік. Яғни әр тоқсан сайын біз сауалнама жүргізіп, қалай бағалайды жергілікті атқарушы органдар бар, қадағалаушы органдар бар солардың жұмысын!? Соны ашық түрде бизнестің ахуалы ретінде көрсетіп отыру.