Қазақстан мен Өзбекстан: Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық
Былтыр агроөнеркәсіптік кешен өнімі бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы 1,7 миллиард АҚШ доллар болды, деп хабарлайды 24kz.
Ал биылғы қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 750 миллион доллардан асты. Ал біздің елден бауырлас мемлекетке 635 миллион доллардың өнімі экспортталды. Алдағы уақытта бұл салдағы екі елдің ынтымақтастығы тағы артпақ. Қазір осы тақырыпты грарлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатеповамен талқыласақ. Ол қазір бізбен тікелей байланысқа қосылып отыр.
- Өзбекстан – біздің негізгі сауда серіктеріміздің бірі. Алдағы уақытта осы елмен өсімдік және мал шаруашылығында ынтымақтастықты нығайтып, өнім экспортын кеңейтуге мүдделі болып отырмыз. Бұл біздің елге не береді?
- Қазір екі ел министрліктері Қазақстан аумағында дәнді және жем-шөп дақылдарын бірлесіп өсіру жөніндегі жобаларды пысықтап жатыр. Сонда ол қай қалаларда іске асырылады және оның екі елге пайдасы қандай?
- Алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласында тағы қандай жобалар жүзеге асатын болады?
Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры.