Богдан Зронек: Атом энергиясын пайдалануда Қазақстанның әлеуеті жоғары

«Атом энергиясын пайдалануда Қазақстанның әлеуеті зор». Чехияның атом энергетикасы жөніндегі бас директоры, Дүниежүзілік ядролық қауымдастық төрағасының орынбасары Богдан Зронек Қазақстанда атом электр стансысын салу мәселесіне қатысты осындай баға берді.

Әлем бойынша атом энергетикасы саласында тәжірибесі мол, позициясы мығым елдің бірі — Чехия. Мұндағы қос атом электр стансысы – Дукованы мен Темелин елдің басым бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Богдан Зронек, Дүниежүзілік ядролық қауымдастық төрағасының орынбасары:

- Қазіргі уақытта Чехия электр энергиясын жеткілікті мөлшерде беріп отыр. Алайда көмір өндірісін біртіндеп қысқартатын болсақ, көрсеткіш өзгереді. Сондықтан ең алдымен атом энергиясы арқылы газ есебінен қуат көзін арттыру қажет. Қазақстан ядролық отын жеткізу жағынан бұрыннан мықты, демек осы саланы одан әрі дамыта алады. Меніңше, ядролық құрылғылардың жаңасын құруға Қазақстанның әлеуеті жетеді. Бұл жергілікті өнеркәсіпті одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.