Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі ₸95 млрд-қа артты

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында отандық дәрі-дәрмек өндірушілерді қолдау мәселелері қаралды. Бүгінгі таңда 35 қазақстандық компаниямен 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнім түрін жеткізуге 94 ұзақмерзімді шарт жасалды. 3 жыл ішінде толық көлемге кезең-кезеңмен шығу жоспарланған. Елімізді қажетті дәрі-дәрмек түрлерімен қамтамасыз ету үшін таяу болашақта кең таралған ауруларды емдеуге арналған 178 препараттың өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жиында сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді ынталандыру үшін жергілікті қамтудың неғұрлым жоғары үлесі бар компаниялармен ұзақмерзімді шарттар жасалатыны айтылды.