Көкшетаудағы зауытта жылына 2500 дана техника құрастырылады
Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын зауыт өнімнің отандық үлесін арттыруда, деп хабарлайды 24kz.
Қазір комбайн бөлшектерінің 30%-тен астамы өндіріс ошағында жасалады. Жалпы зауытта жылына 2500 дана техника құрастырылады. Ал, келер жылы тағы бір цехты іске қосып, өндіріс қуатын еселеуді көздеп отыр.
Дамир Мамақов осы зауыт ашылғалы бері еңбек етеді. Ол алғашында қарапайым слесарь болып жұмыс істеген. Кейін бес жылдың ішінде біліктілігін шыңдап, участок шебері атанды. Техника құрастыруда да білікті маман алдына жан салмайды.
Дамир Мамақов, зауыт жұмысшысы:
- Тракторды енді аз уақыт алады. Жоқ дегенде басынан бастап жіңішке түйінді құрастыру деп айтаймыз біз оны. Яғни, басынан бастап сатылымға қойғанға дейін бір күн немесе бір жарым күн уақыт кетеді. Комбайн көп ол. Оның уақыты 3-4 күн.
Өндіріс ошағында 350-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Қызметкерлер өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды. Өйткені техниканың маңыздылығын жақсы түсінеді.
Дамир Мамақов, зауыт жұмысшысы:
- Біздің істеп жатқан жұмыс өте маңызды. Өйткені қазіргі таңда техника деген өте аз, ескі. Барлық техника ескіріп қалған. Техниканың ескіріп қалғандығынан көптеген шаруашылықтар өздерінің алдына қойған мақсатттарын орындай алмайды. Сондықтан біз құрастыратын техниканың үлесі үлкен. Бағасы да тиімді.
Қазір зауыттағы жұмыс қыза түскен. Себебі, алда астық жинау науқаны келе жатыр. Яғни, комбайндарға сұраныс күшейеді. «Сондықтан қандай жағдай болмасын, өндірісті тоқтатуға болмайды», - дейді мекеме директоры.
Олег Балыбин, зауыт директоры:
- Қазіргі уақытта зауыт толық қуатта жұмыс істеп тұр. Техникаға сұраныс көп. Оның үстіне «Жеңілдетілген қаржыландыру» бағдарламасы аясында бізге жан-жақтан тапсырыста көптеп түсіріп жатыр. Яғни, мына техниканың бәрі және алдағы құрастырылатын комбайн, тракторлар 2-3 ай бұрын сатылып қойған.
Келер жылы өндіріс ошағында тағы бір цех іске қосылады. Өндіріс қуаты артып, 100-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жалпы былтыр өңірде 531 комбайн құрастырылған. Осылайша, елде жасалатын комбайндардың тең жартысы Ақмола облысының үлесінде айтуға болады. Бұдан бөлек, 2 мыңға жуық трактор мен 700-ден астам жүк көлігі де кұрастырылды.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Виктор Полянный