О. Бектенов Жетісу облысының даму барысымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды 24KZ.

Премьер-министр Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмалардың өңірде орындалу барысымен танысты. Облыста бүгінде 29 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 554 өнеркәсіп орны бар. Биыл 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ал жыл басынан бері аймаққа 136 млрд теңге инвестиция тартылды. Үкімет басшысы жаңа өндіріс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды. Өңірде Биыл «Талдықорған – Үшарал» және «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскелері пайдалануға беріледі. Сондай-ақ «Лепсі – Балқаш көлі» автожолында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жалпы жыл соңына қарай облыста екінші және үшінші санаттағы 336 шақырым жол ашылады.