Еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту қажет

Кедендік рәсімдерді жеңілдету Қазақстанның өңірдегі негізгі транзиттік көлік дәлізі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға серпін береді. 

Премьер-Министр Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары барысында осылай деді. Үкімет басшысы, еліміздің Қытаймен шекарадағы ауыстырып тиеу терминалдары мен кеден бекеттерінің тиімділігін арттыру жұмысын көрді. Айта кету керек, осы өңір экономикасының 7%-ын көлік-логистика саласы құрайды. Биылғы жарты жылда облыста автокөлікпен жүк тасымалдау 55,7%-дан 101,1%-ға дейін өскен. Мәселен, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд жеткен. Сонымен қатар Олжас Бектенов Dostyk Trans Terminal көп функционалды жүктерді ауыстырып тиеу терминалы және «Алакөл» кеден бекетіндегі жүк көлік құралдарын тасымалдау барысымен танысты. Бұл тұста еліміздің көлік-логистика әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін тапсырды.