Елімізде 300 мыңнан аса адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген

Елде лицензиясы бар 223 микроқаржыұйымы бар, деп хабарлайды 24kz.

Олар өз тұтынушыларына қысқа мерзімді онлайн қарыздан бастап жалақыға дейін немесе PDL несиелер беруді, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне әртүрлі микрокредит беру құралдарын ұсынады.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымдары қазіргі уақытқа дейін 1,3 трлн теңге қарыз берген. Оның ішінде жеке тұлғалардың қарызы 1,1 млрд теңге. Жеке кәсіпкерлер 157 млрд теңге қаржы алған. Ал несие төлемін 90 күннен кешіктірген 344 мың адам бар. Олардың қарызы 92,1 млрд теңге.