Елордада жұмыссыз азаматтарға арналған сайт іске қосылды
Елордада жұмыссыз азаматтарға арналған JUMYSTAP.kz платформасы іске қосылды.
Қала әкімдігінің бұл бастамасы Астанадағы кадр тапшылығын жойып, халықтың табысын арттыруды көздейді. Жаңа платформаны екі қолға бір күрек таппай жүргендермен қатар, жұмыс берушілер де қолдана алады. Ал бизнес өкілдері көлемді тапсырыс орындаушыларды осы сервис арқылы іздеуіне мүмкіндік бар. Қазір мұнда бір ғана цифрлық дағды бойынша мыңнан аса маман тіркелген. Олар Қазақстан ғана емес, бүкіл ТМД аумағы бойынша тапсырыс қабылдайды.