Ұлттық банк орнатқан валюта бағамы
Елде Ұлттық банк орнатқан валюта бағамы бойынша АҚШ долларының құны 481 теңге 22 тиын.
Бұл кешегіден 63 тиынға қымбаттады деген сөз. Есесіне, еуро 1 теңге 22 тиынға төмендеп, қазір 535 теңге 36 тиын шамасында тұр. Қытай юані де өсім көрсетті, қазір оның бағасы 67 теңге 52 тиын. Ал ресейлік рубльдің бағамы өзгермеді десек болады - қазіргі құны 5 теңге 27 тиын.