Қ.Тоқаев ел экономикасын дамыту үшін қандай шараларды қолға алу керектігін айтты
Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы барысында Президент осындай мәлімдеме жасады. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қояды. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын дамыту үшін қандай шараларды қолға алу керектігін жіпке тізді. Ол жөнінде толығырақ бізге қазір тікелей байланысқа шаққан арна тілшісі Риат Шони айтып беретін болады.
Диктор:
- Риат, қайырлы күн! Биылғы Жолдаудың ерекшелігі қандай болды?