Қарағанды облысында орақ науқаны аяқталуға жақын
Қарағанды облысында орақ науқаны аяқталуға жақындап қалды.
Өңірдегі дәнді-дақыл алқабы 766 мың гектарды алып жатыр. Қазіргі уақытта егіннің 60%-дан астамы жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағанындай, орташа өнімділік көңілден шығады. Гектарынан 11,5 центнер шамасында өнім жиылып жатыр. Жалпы Қарағанды облысында дәнді дақыл мен көкөніс 900 мың гектарға егілген. Оның ішінде 11,5 гектарға картоп салынған. Болжам бойынша биыл картоптың 600 мың тоннасы жиылуы мүмкін. Яғни бұл былтырғы көрсеткіштен анағұрлым артық. Артылған өнім Астана мен еліміздің оңтүстік өңірлеріне жеткізіледі. Алдағы он күнде жаңбыр жаумай, ауа райы қолайлы болып жатса, онда қыркүйектің соңына дейін жиын-терін науқаны аяқталуы мүмкін.