Жарты жылда елде 57,1 мың көлік құрастырылды
Биыл қаңтар-маусым аралығында ішкі және сыртқы нарықта 127,6 мың автокөлік сатылыпты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, оның жартысынан астамы, яғни 55,3% импорттың үлесінде. 44,7% – отандық автоөндірістің еншісі. Ал былтыр елде құрастырылған көліктер саны басым болып, 50,4%-ті еңсерген еді.
Жалпы жарты жылда елде 57,1 мың темір тұлпар құрастырылды. Алайда бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 мың көлікке кем.