Шымкентте металлургия саласын дамыту үшін өндірістік алаң құрылады
Шымкентте металл бұйымдарын өңдеуге арналған жаңа өндірістік алаң құрылады.
Жергілікті атқарушы биліктің мәлімдеуінше, металлургия саласын дамыту үшін мың гектардан астам жер белгіленген. Өндірістік кешен құрылысы Мемлекет басшысының логистикалық хаб құру туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан жер телімін жобалау аяқталған соң пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер мемлекет қажеттілігіне қайтарылатын болады. Қазіргі таңда жобалар пулы жасақталып инвесторлардың ұсынысы іріктеліп жатыр. Қытай және Өзбек кәсіпкерлері тарапынан қызығушылық жоғары.
Үсен Исаев, қалалық кәсіпкерлік және ИИД басқармасы басшысының орынбасары:
- 7 индустриалды аймақ 99% толыққан. Қазір жерді жобалау жұмыстары аяқталған соң мемлекет тарапынан толық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады. Жобалардың пулы жасақталуда. Оны біз сала-салаға іріктейміз. Мысалы, темір металлургиясымен айналысатын жобалар болса сол жақа бағыттаймыз.