Маңғыстауда кәсіпкер құқығы қорғалды
Маңғыстау облысында жергілікті өнім өндірушінің құқығы қорғалды.
Кәсіпке бет бұрып, бөдене жұмыртқасын өндіре бастаған азаматтың өнімін жергілікті ірі сауда желісі қабылдаудан бас тартқан. Алайда, оған негіз жоқ еді. Кәсіпкердің шағымына қатысты іс сотта қаралып, оң шешімін тапты. Нәтижесінде ірі сауда желісінің иесі жауапқа тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Мән-жайды тілші тарқатып айтады.
Бұл оқиғаның желісі мынадай. Әуелде бөдене жұмыртқасын сауда сөресіне қоя алмаған кәсіпкер облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағымданады. Тексеріс нәтижесінде мекеме мамандары гипермаркеттің әрекетін теріс деп ұйғарады. Бірақ сауда желісінің тарапы қаулыны орындауға келіспей, сотқа жүгінеді. Ал қалалық сот істі сауда желісінің пайдасына шешіп береді. Бұл іске прокуратура араласып, құқық бұзушылықты анықтайды. Аппеляциялық шағым жасалып, ақырында, жоғары инстанция ірі сауда желісінің әрекетін заңсыз деп таныды.
Рауан Мұханов, облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы:
- Негізсіз бас тартудың хатында гипермаркет мониторингке жазған және 10 пайыз үстемақы туралы айтылған. Негізі бөдене жұмысрқасы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қатарына кірмейді сол себепті ол ешқандай мониторингке жатпайды.осындай негізсіз бас тартқан. Сондықтан өнім өндірушіге осындай қолдау көрсетілді. 02-09 Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі. егерде құқық бұзушылықтар болған жағдайда біздің департаментке жүгінуге болады.
Шағымын айтып сабылған кәсіпкерге енді кедергі жоқ. Ерлан Нығметов аймақта бөдене жұмыртқасына сұраныс жоғары, себебі, ақуызға бай өнім емдік қасиетке ие дейді. Сатылымы да жақсы деп қуанады.
Ерлан Нығметов, серіктестік басшысы:
- Жұмысымызды бастағанымызға 1 жылдай уақыт асты. Басында 2 мың жұмыртқамыз болды күніне апаратын. Қазір күніне 4 мың жұмыртқа шығады. Айына 120 мың жұмыртқадай. Бүкіл супермаркеттерге апарамыз.
Мамандар сауда желілерінде жергілікті өнімдерге басымдық беріліп отырғанын айтады. Базар сөреленінің 30%-ына отандық тауарларды орналастыру туралы да талап қойылған. Алайда, облыс бойынша азық-түліктің импорты басым: 85%-ы сырттан тасымалданады.
Саламат Бекбаев