Референдум 2024: қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс бере бастады
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз алғашқы болып дауыс берді, деп хабарлайды 24kz.
Республикалық референдум Астана уақыты бойынша сағат 3-те басталды. Бұл кезде Сеул мен Токиода таңғы 7 болды. Дауыс беру Қазақстан елшілігінің ғимараттарында өтті. Сеулдегі дауыс беру учаскесіне ең бірінші болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова барып дауыс берді. Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшіміз Владислав Цой қазір бізбен тікелей қосылып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыздың белсенділігі қандай?
Владислав Цой, тілші:
- Сеулде дауыс беру жергілікті уақыт таңғы 7-де басталды. №390 учаскесінде референдум комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді. Учаскедегі жұмыс мемлекеттік әнұранмен басталды. Алғашқы болып дауыс берген Камила Маутова болды. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Алғашқы дауыс берушілердің қатарында биыл 19 жасқа толған Дамир Зайдуллаев. Ол Корея университтерінің бірінің I курс студенті.