Биыл 990 бас мал несиеге беріледі

Атырау облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша несиеге мал беріле бастады.

Биыл 990 бас ірілі-ұсақты төрт түлік бөлуге келісім жасалды. Жоба кредиттік жағдайы қиын және кепілге қояр мүлкі жоқ тұрғындарға арналған. Қазір облыста екі қожалық тауарлы несие беруге келісті. Мысалы, Қызылқоға ауданындағы шаруашылық малды өз төлі есебінен көбейтіп келеді.

Парасат Алтынғалиев, шаруашылықтың атқарушы директоры:

- «Ауыл аманаты» бойынша 30 бас мүйізді ірі қара, 100 бас ұсақ малдан жергілікті халыққа мал шаурашылығын дамыту мақсатында беруге болады. Үкіметтен жыл сайын мал басын асылдандыруға субсидия алып келеміз және алған техникаларымызға арнайы бөлінген субсидия алудамыз.