Әлемдік мұнай бағасы құбылып тұр

Доллардың құбылуы бір есептен мұнай бағасына байланысты.

Қазір Уолл-стриттің бірнеше инвестициялық банктері, соның ішінде Goldman Sachs және Morgan Stanley, мұнай бағасын төмендеткен. Citigroup қара алтынның құны 2025 жылға қарай барреліне шамамен 60 долларға дейін арзандайды деп болжап отыр.

Сейсенбіде АҚШ-тағы сауда сессиясында мұнайдың әлемдік бағасы 5 пайыздан астамға өсіп, бірақ кейін нарықтағы баға тұрақтанған кезде қайта төмендеді. Америкалық жеңіл шикі мұнайдың бағасы және Brent маркалы мұнай фьючерстері сейсенбіде 2 пайыздан астам өсті. Статистика мұнай бағасының күн сайын құбылып тұрғанын көрсетеді.

Өткен аптада мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті. Ал апталық өсім жылдық рекордқа жетті. West Texas Intermediate (WTI) мұнай фьючерстерінің қараша айының жеткізілімі 9 пайыздан астам өсті, бұл 2023 жылдың наурызынан бергі ең үлкен апталық өсім. Ал, желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 8 пайыздан астам өсті, бұл 2023 жылдың қаңтарынан бергі ең үлкен апталық өсім. Сондай-ақ, Saudi Aramco мұнай алыбы нарықтағы құбылмалылықтың өсуіне жауап ретінде азиялық сатып алушылар үшін мұнайдың негізгі бағасын көтерді. Компания азиялық тұтынушылар үшін араб жеңіл шикі мұнайының ресми сату бағасын 0,90 долларға көтеріп, алдыңғы нарықтық күтуден 0,65 АҚШ долларынан асып түсті. Бұл түзету баррелінің бағасы қазір аймақтық анықтамалық деңгейден 2,2 долларға жоғары екенін білдіреді.

Әлемдік биржаларда да мұнай бағасының өсуі байқалады. Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,43 долларға қымбаттап, 78,05 долларға жетті. Нью-Йорктегі NYMEX-те Light маркалы мұнайдың құны 0,67 долларға көтеріліп, барреліне 74,38 долларға жетті.

Мұнай бағасының болашақ тенденциясы мұнай экспорттаушы елдер ұйымының, яғни ОПЕК мүшесі Ирандағы жағдаймен тығыз байланысты. Өйткені оның күнделікті шикі мұнай өндірісі шамамен 3,2 миллион баррельге тең. Бұл әлемдік өндірістің 3 пайызы. Биыл Иранның мұнай экспорты кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, күніне шамамен 1,7 миллион баррельге жетті. Ал, мұнай бағасының болашақ тенденцияларына келетін болсақ, қазірде әлемдік нарық Иранның мұнай нысандарының жойылуы мүмкін деп алаңдап отыр. Кей сарапшылар Израиль Иранның экспорттық нысандарына немесе мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасау арқылы кек алуы мүмкін деп қорқады. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының ай сайынғы есебіне сәйкес, Иран әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіреді. осы жылдың тамыз айында өндіріс көлемі күніне 3,277 млн баррельге тең болды.

«Милтон» дауылы соққанға дейін АҚШ-та жанармайға сұраныстың артуына байланысты мұнай бағасы шамамен 2% - ға өсті. Дүлей дауыл салдарынан ондағы жанармай құю бекеттерінің төрттен бір бөлігінде бензин таусылған. Brent фьючерстері таңғы 11:26-ға дейін барреліне 78,20 долларға дейін 1,62 долларға яғни, 2,1% - ға өсті.  Ал АҚШ West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 1,48 долларға өсті. АҚШ - әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші әрі ұтынушы. Бұл ретте, елдің мұнайға деген сұранысын арттыра алатын процессте Қытай жеке секторды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған заң жобасын жариялады. Бұл елдің экономикалық құлдырау жағдайында инвесторлардың сенімін арттырудағы соңғы қадамы.

Лаэль Брейнард, АҚШ Ұлттық экономика кеңесінің төрағасы:

- Иә, бұл – өте мұқият қадағалайтын нәрсе. Жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы қазір орташа есеппен 3,18 доллар. Көптеген штаттарда 3 доллардан төмен. Әрі бұл қатып қалған сан емес, әлі де өзгереді. Сондай-ақ АҚШ-та газдың төмен бағалары сақталады.