Қытайда Алматының туризм күндері өтті
Қытай астанасы Бейжің мен Сиань шаһарларында Алматы қаласының туризм күндері өтті.
Халықаралық кездесулер Қазақстанның көрші елдегі туризм жылы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қос елдің сала мамандары келіссөз жүргізіп, түрлі мәселені талқылады. Әуе компаниялары, 7 қонақ үй және 12 туроператор мен бірнеше қауымдастық өкілдері елдің туристік әлеуетін таныстырды. Басқосу кезінде тараптар саяхатшылар санын арттыруға бағытталған өзара меморандумға қол қойды. Сонымен қатар мәдени және ұлттық салт-дәстүр, тағамдар мен қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде Қазақстан-Қытай бағыты бойынша аптасына қатынайтын әуе рейсі 44-ке дейін артқан.
Бұлбұл Кәпқызы, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, этнограф-шебер:
- Қазақтың ұлттық қолөнерін. Қалай жасайды? Соның технолгиясын, жасау түрлерін әкелдім. Бұл жерде қытайлықтар неге қызығады? Біздің жасап жатқан қолөнерімізге қызығады. Жіппен қалай мынадай керемет асыл дүние шығарды. Ол деген қалай қолмен жасалды деп. + Кесте, тоқыма өнеріне осыларға қатты қығызығып жатыр. Енді әр ұлттың өзінің киімі өзіне ғой. Бірақ қытайларға да біздің ұлттық киіміміз қызық екен.