Биыл Арал ауданында 7400 тонна балық ауланады

Биыл Арал ауданында 7400 тонна балық аулау жоспарланған.

Оның басым бөлігі Кіші Арал теңізінен сүзіледі. Балықты өңдеп, бір бөлігін шетелге экспорттайды.

Бүгінде аудан көлемінде 9 балық өңдеу зауыты бар. Бұл өндіріс орындарының жылдық қуаты 24 мың тоннаға жуықтайды. Аталған зауыттардың бесеуі су маржанын терең өңдеп, Еуропа елдеріне сатады. Былтыр өңірде 2 мың тоннаға жуық балық өнімі экспортталды. Аталған зауыттарды шикі затпен қамту үшін өңірде балық өсіру тоғанын көбейту шаралары да қолға алынды. Соның бірі Аманөткел ауылында іске қосылды. Аумағы 5 гектардан асатын шаруашылықта келесі жылдан бастап тауарлы балық өндіріледі.

Ератай Бөгенбаев, балық өсіру тоғанының технологы

- Мына жерде ешкім бұрын-соңды балық өсіріп көрмеген жігіттер. Көп мамандандырылмаған. Биыл практика ретінде бірталай нәрсе үйрендік. Келесі жылға жсопарлар, кеңейтілген түрде істейміз деп отырмыз. Келесі жылы 120 тонна тауарлы балық шығарамыз деген жоспарда. Бірінші өзіміздің өңірлерді қамтып алып, сосын қалғанын шетелге сатамыз.