Заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша БАӘ-мен ынтымақтастық жалғасады

Қаржылық мониторинг агенттігі БАӘ-мен заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша ынтымақтастықты жалғастырады, деп хабарлайды 24KZ. Хамид Әл Зааби бастаған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарушы офис делегациясы елімізге келді.

Тараптар ұлттық тәуекелдерді бағалау процестерін цифрландыру және виртуалды активтерді заңсыз пайдалануды анықтау әдістері туралы пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.