Қазақстанға 400 млрд доллар инвестиция тарту жоспарланды

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің экономикасына 417 млрд доллар шетелдік инвестиция құйылды.

Алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстанға тағы 400 млрд доллардан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Шетелдік қаражат елдің шикізаттық емес секторына бағытталады, осы арқылы экономиканы диверсификациялау қарқыны артады. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-отырысында Қазақстанда бизнес жүргізудің тиімділігін арттыру мен нақты нәтижелерге жетудің жоспары кеңінен талқыланды.  

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Біздің экономикамыз барынша диверсификациялануы керек. Тек қана мұнай секторы емес, өндірісті, транспорт секторын дамытуға бағытталуы керек. 150 млрд доллар инвестиция тартылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде бүгінгі жиынға қатысып отырған инвесторлар қазірдің өзінде инвестиция құйып отыр. Және біздің Астана қаржы орталығы бар. Қазір көп компаниялар сонда тіркеліп жатыр. 

Жанна Байдашева, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры:

- Инвесторлар көтеретін негізгі мәселелер ол – заңның үстемдігі, салықтық және кедендік жеңілдіктердің болуы. Жыл бойында біз инвесторларды алаңдататын негізгі мәселелерді зерттедік және оны Үкіметтің назарына ұсынамыз. Бәлкім, кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізу керек болар, оны бірлесіп кеңінен талқылаймыз. Бұл өзгерістер елдегі инвест климатты жаңсарта түседі.