Қазақстанға алдағы бес жылда $150 млрд инвестиция тартылады. LIVE
Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасына 417 млрд доллар шетелдік инвестиция құйылды, деп хабарлайды 24kz.
Алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстанға тағы 150 млрд доллардан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл ел экономикасын әртараптандырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға орасан мүмкіндік. Астанада өтіп жатқан Қазақстанның ғаламдық инвестициялық форумында елге шетелдік қаражатты тартудың тың жолдары мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері кеңінен талқыланды.