Кәсіпкерлер жұмысын жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады
Енді кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жағалап жүрудің қажеті болмайды.
Қаржы министрлігі бизнес өкілдерінің жұмысын жеңілдету үшін арнайы портал дайындап жатыр. Бұл туралы Digital Finance Day жиынында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы мәлімдеді. Дияс Крам-шеевтің айтуынша жобаны келесі жылдың басында іске қосу жоспарланған. Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті деп аталатын жүйе, сала мамандары, кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасақталған.
Дияс Крамшеев, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:
- 6-7 ақпараттық жүйеде отырғандықтан барлық мәліметтерді уақытылы көріп үлгермеуі мүмкін. Мәліметтерді тапсырып та үлгермеуі мүмкін. Сондықтан біз талдау жасап, шешімге келдік. Кәсіпкердің жеке бірыңғай кабинетін жасауға. Біз ол жерде жаңағы айтып кеткен ақпараттық жүйелердің кабинеттерінде көрсетілген мәліметтердің барлығын бір жерде кәсіпкерлерге, азаматтарға бір жерден ғана мәліметтер беріп отырамыз.