Волонтерлер көмегімен бюджетке 15 млрд теңге қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қозғалысында 2 мыңнан астам волонтер еңбек етеді.
Олар салалардағы бармақ басты, көз қысты жағдайларды анықтап, жөнсіз жұмсалған қаражаттың жолын кеседі. Мәселен, былтырдан бері 1041 мәрте мониторинг жүргізіп, 15 млрд теңге қаржыны ел бюджетіне қайтаруға көмектескен. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуде де атсалысып келеді. Белсенділердің бастамасымен жыл басынан бері жеті жүзден астам іс оң шешімін тапқан.
сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік - 2 423 адам
мониторинг - 1 041 рет