Еліміз дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Елде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жетті. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты. Биыл көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын табысты жүргізуге қажетті барлық жағдай жасалды.

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы жылды осындай жетістікпен қорытындалап отыр. Енді 2025 жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспары бар. Биылғы егіннің орташа өнімділігі гектарына 16,1 центнер, 26,7 млн тонна астық бастырылды.

Былтыр орташа өнімділік гектарына 10 центнерден айналдған еді. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Алдағы уақытта Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Ал 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр.