Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жалпы егіс көлемі 23,3 млн гектар. Оның 21,1 млн гектары – жаздық егіс.

Өткен жылмен салыстырғанда бидай алқабы 560,9 мың гектарға қысқарып, 13,1 млн гектарды құрады. Есесіне майлы дақылдар көлемі 135,5 мың гектарға ұлғайып, 2,9 млн гектарға жетті. Сонымен қатар қант қызылшасы алқаптары 5,5 мың гектарға артты, күріш 2,2 мың гектарға азайтылды. Нәтижесінде қысқартылған алқаптарда әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдардың егіс алқаптары артады. Сондай-ақ өңірлерде берік жемшөп базасын құру мақсатында жемдік дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары жүргізілді.