Қазақстанда астық экспорты ұлғаяды

Дәнді дақыл экспортының нарығы кеңейеді. Қазақстан жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы – бидай.

Бүгінде 40-тан астам ел Қазақстан бидайын сатып алып отыр. Қараша айының соңына 6,3 млн тонна астық экспортталды. Өзбекстанға экспорт көлемі биыл 42%-ке артып, 944 мың тоннаға жетті. Тәжікстанға 377 мың тонна асттық жеткізілді. Қытайға экспорт көлемі 17%-ке өсіп, 355 мың тоннаны еңсерді. Сондай-ақ астыққа Ауғанстан тарапынан сұраныс артты. Биыл экспорт 71%-ке өсіп, 115 мың тоннаға жетті. Ал Иран мемлекеті 299 мың тонна астықты сатып алды.

Биыл экспорттық әлеует 12 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Негізінен Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан, Италия және тағы басқа елдерге тасымалданады. Сонымен қатар Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Солтүстік Африка және ЕО елдеріне Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы 2 млн тоннаға дейінгі көлемде астық тасымалдау мәселесі пысықталып жатыр.