Елде мал басы өсті

Қарашаның басында ірі қара саны 8,2 млн-ға жетіп, 20%-ке көбейді. Жылқы саны 5%-ке жуық өсіп, 4 млн-нан асты. Сондай-ақ түйе саны 3 млн-ға жуықтады.

Сүт өндірісі де ұлғайды. 11 айда 3 млн тонна сүт жиналды. Ал тауық жұмыртқасы 3,7 млрд дананы межеледі.  

Мал азығы да жоспардан артық қамдалды. Қазір елде 35,2 млн тонна шөп, 2 млн тонна пішен, 5,1 млн тонна сабан, 2,3 млн тонна сүрлем және 5,8 млн тонна жем бар.