Қазақстанда инсульт алған адамды оңалтатын экзоқаңқа өндірісі қолға алынады
Астаналық жас ғалымдардың тың идеясы сал ауруына шалдыққан жандарды қатарға қосып, жүруді қайта үйретуге негізделген.
Отандық медицинаны ілгерілетуге бағытталған жоба Назарбаев университеті жанындағы технопаркте пысықталып жатыр.
Отандық медицинада баламасы жоқ бұл құрылғы «экзоқаңқа» деп аталады. Аппарат инсульттен кейін оңалтуға арналған. Жүріп-тұруы бұзылған адамның аяққа тұрып, дертінен айығып кетуіне мүмкіндік жасайды. Стартап жобаны авторлары әлі де пысықтау үстінде. Жетілдіріп елдегі емдеу саласына қолданысқа еңгізуді көздеп отыр. Ол үшін құралды Мәскеуге техникалық сынақтан өткізуге жіберген. Ойдағы іс сәтті іске асса, өнім денсаулық сақтау мекемелеріне үлестіріледі.
Шыңғыс Дәулетбаев, стартап компания директоры:
- Экзоқаңқа – бұл адамға киілетін құрал. Жүру жаттығуларын жасаған кезде физиотерапия кезінде соған көмектесетін аппаратура. Қазіргі мақсатымыз жүруді оңалтуға арналған экзосклетті соның өндірісін бастау. Қазіргі сәтті ең соңғы прототипіміз Мәскеуде.
Медицинаны ілгерлеткен тағы бір тың жоба - жүректі емдеуге арналған катетер. Орталық Азияда теңдесі жоқ медициналық өнім Қазақстан мен испандық компанияның бірлескен бастамасы. Құрылғының отандық нарықтағы қажеттілігі жылына 20 мың данаға жетіпті. «Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш дейді», - мамандар. Қазірдің өзіңде алыс-жақын шетелден сұраныс артып жатқан көрінеді. Таяу болашақта медициналық бұйымды Қырғызстанды қоса алғанда тағы 7 елге экспорттауды көздеп отыр.
Мейіржан Ерман, стартап компанияның атқарушы директоры:
- Операция жасау кезінде осы стенттер қойылады. Мақсат бұл жерде пациенттерге сапалы өмірді жалғастыруға септігін тигізу. Бұл жалпы минивазитті ота болып табылады. Жүректің артериясы тарылған кезде немесе толықтай бітелген кезде соның орнына осы стенттерді кіргізіп, кигізіп имплантация жасап кететін зат.
Қазақстандық-испандық бірлескен кәсіпорын биыл 4 мыңнан астам өнім түрін шығарыпты. Басым бөлігі миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеу кезінде көмектесетін жабдықтар. Компания алдағы уақытта Назарбаев университеті аумағындағы технопаркпен бірлесіп жаңа бастамаларды іске асыруды көздейді. Олардың қатарында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер орталығын ашу, отандық тігін материалын өндіру бойынша фабриканы іске қосу жобалары бар.