Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қабылданды
2025 жылы Алматы бюджетінің 40 проценті әлеуметтік салаға бағытталады.
Бүгін мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар үш жылға арналған бюджет жобасын бірауыздан қолдап, қабылдады. Алдағы жылдары қаланы көгалдандыруға басымдық берілмек. Атап айтқанда, мегаполистің «бақ қала» мәртебесін қайтару бағытында кешенді шаралар іске асады.
Қаланың қазынасы қомақты. Келесі жылы бюджет көлемі 2 триллион 177 миллиард теңге шамасында. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда екі есеге көп, деп атап өтті қала Әкімі Ерболат Досаев. Әсіресе әлеуметтік саланы қолдау күшейтілмек. Экологияда басты назарда. 2025 жылы газбен жүретін 600 автобус және 200 электроавтобус сатып алынады. Ал қаланы көгалдандыруға бөлінетін қаражат 40 процентке өсті.
Бейбіт Шаханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:
- Маслихат города поддержал бюджет 2025-го года,Бүгін мәслихат депуттары 2025 жылдың бюджетін қабылдады. Онда қаланы ары қарай дамытуға көптеген бастамалар көтерілген. Ерекше атап өтетін мәселе, қала тазылығы, көгалдандыру, абаттандыруға кететін қаражат ұлғайды. Бұл сүйікті қаламызды одан әрі жақсарта түсуге мүмкіндік береді.
Келер жылы білім саласына бөлінетін қаражат та 16 процентке артады. 2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады. Бюджеттік жоспарда қаладағы сейсмикалық күшейту жұмыстары да қамтылған.
Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев