Премьер-министр трансшекаралық хабтар әлеуеттін арттыруды тапсырды
«Орталық Азия» трансшекаралық хабы арқылы Өзбекстанмен арадағы теміржол тасымалын 20 млн тоннаға арттыруға болады.
Сонымен қатар Ақтау портындағы хаб тиелетін жүк көлемін жылына 300 мың контейнерге дейін ұлғайтуға жол бермек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін бұл мәселеге арнайы тоқталып, инфрақұрылымды нығайту мен хабтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды.
«Хабтар жүйесі серіктестерімізбен біртұтас сауда-көлік кеңістігін қалыптастыруға тиіс. Бұл – мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай арттырып, көршілес елдермен стратегиялық қарым-қатынасты нығайта түседі»,- деп атап өтті Премьер-министр. Осы ретте Олжас Бектенов бірқатар министрлікке тиісті тапсырма берді.