Машина жасау саласында 4,8% өсім бар
Өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 47% көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Өсім бірден бірнеше секторда байқалды. Атап айтқанда машина жасау саласында 4,8% өсім бар. Өсімге компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары мен көлік құралдары өндірісінің ұлғаюы ықпал етті, деп хабарлайды 24KZ.
Қара металлургияда өсім 10,9%-ке жетті. Мұнда ферроқорытпа, болат және шойын өндірісі өсті. Түсті металлургияда мыс, қорғасын және алюминий өндірісінің артуынан өндіріс көлемі 5,3%-ке өсті. Химия өнеркәсібінде 8,9%-ке өсім тіркелді. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.