Экономиканың 70 %-дан астамы шикізаттық емес секторға тиесілі
Ел экономикасы өсімінің 70%-дан астамы шикізаттық емес сектордың есебінен жүзеге асты.
Алдын ала бағалау бойынша 11 айдағы жалпы ішкі өнім 4,4 пайызды көрсетті. Бұл үдеріс негізінен мұнайдан тыс секторды дамытудың нәтижесі. Яғни, экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Бұл орайда ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару 13,4 пайызға өсті. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс – 10,3; сауда – 8,2%; көлік қызметтері – 8,1%; байланыс – 5,3%; өңдеу өнеркәсібінде – 5,3% өсім бар. Отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жетті.