Тауарлар экспорты 5,1%-ға өсті
Биылғы 10 айдағы сыртқы сауда айналымы 116,9 млрд доллар. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, яғни – 68,5 млрд доллар.
Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, 23,3 млрд долларға жеткен. Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға жеткізу, сондай-ақ Еуропа нарықтарымен байланысты. Биылғы қызмет көрсету экспорты да 10,5%-ға өсіп, 8,4 млрд доллар деңгейінде тіркелді. Ал импорт 3,3%-ға қысқарды. Импорттың төмендеп, экспорттың ұлғаюы себепті экономиканың оң сауда балансы 33,4%-ға өскен. Көрсеткіш 20,1 млрд доллар.